Саяси кеңес бюросының кезекті отырысы
Саяси кеңес бюросының кезекті отырысы
650
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Оған «Nur Otan» партия­сының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов және Саяси кеңес бюросының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы  қорытындыланды. Сондай-ақ өткен жылғы облыстық филиал бюджетінің атқарылуы жөніндегі «Nur Otan» пар­тиясы Шығыс Қазақстан облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунковтың есебі тыңдалды. 2021 жылға арналған бюджет пен Шығыс Қазақстан облыстық мәс­лихат депутаттарының «Nur Otan» партиясының бірінші жартыжыл­дық­қа арналған қоғамдық қабыл­дауын­да азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді. Филиал жанындағы «Ден­сау­лық сақтау», «Жастарды қол­дау», «Жұ­мыс­пен қамтуды және ха­лықтың әлеу­м­еттік осал топта­рын қолдау», «Индустриялық-инно­вациялық да­му», «Мемлекет­тік қызметтер көр­сету», «Аграрлық сектор» ба­ғыттары бойынша ко­миссиялардың құра­мына, Пар­тиялық бақылау комис­сиясына, Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес­ке, Miras өңірлік ке­ңесіне, Кә­сіпкерлікті қолдау жөнін­дегі қо­ғам­дық кеңес құрамына өз­ге­рістер енгізілді.

Әбілмансұр ЖАСАН