1 ақпан күні Egemen Qazaqstan газетінің 30 мыңыншы саны жарық көрді.
Ерекше нөмірде мыңыншы, бес мыңыншы, он мыңыншы және жиырма мыңыншы нөмірдің қалай шыққаны туралы деректі материалдар берілген екен. Шерағаңның басшылығымен жарық көрген жиырма мыңыншы нөмір Тәуелсіздікке үш ай қалғанда, яғни 1991 жылғы қыркүйекте басылса, отыз мыңыншы нөмір азаттықтың 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Енді еркіндіктің самалы ескеніне 30 жыл толған шақта 30 000-ыншы нөмірін оқырманға ұсынып отырған байырғы басылым жалынды жастармен жаңарып, жаңа жүзжылдыққа қадам басты. Санның сиқырына сенген ырымшыл халықпыз ғой, бұл санның 21 жылдың 21 нөміріне сәйкес келгенін де жақсылыққа балап отырмыз. Өйткені ғасыр еңсеріп, елмен егіз жасаған «Егемен» биыл іріленіп, іргесі кеңіп, басқа басылымдарды бауырына басып, қанатының астына алмақ. Оқырманы көбейіп, ауқымы арта түскен басылым үшін бұл да бір бағынған белес болары анық», – дейді Egemen Qazaqstan газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.Гүл БЕКЗАТ