Полиция департаменінің дерегінше, оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын болған. Еңбекшіқазақ ауданында 16 жастағы оқушыны ұрды деген күдікпен бапкер қамауда отыр.
Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы: «Қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факт бойынша «орта деңгейдегі қасақана денсаулыққа зақым келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды», – деді.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 3 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.