Оның болжамынша, пандемия биыл аяқталуы мүмкін. Коронавирустың таралуын азайтуға вакцина септігін тигізуі ықтимал.
«Коронавирусқа қарсы Pfizer/BioTech және Moderna компаниясының вакцинасы жақында сынақтан сәтті өтті. Олардың тиімділігі 95 пайыздан асқан. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Екі вакцина матрицалық РНК-ның ең заманауи технологиясына негізделген. Оның басты ерекшелігі – тек антиденелердің бөлінуіне ғана емес әрі жасушалық иммундық әсеріне де ықпал етеді. Бұл нәтижелердің барлығы мамандардың болжамынан да жақсы көрсеткішке жеткізді. Демек, ғалымдар COVID-19-ды жеңуге бір қадам жақындады», – деді Алмаз Шарман.
Профессордың айтуынша, вакцина адамзатты коронавирустан қорғауға көмектеседі. Алайда, ағзада коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелердің қаншалықты ұзақ сақталатыны белгісіз. Адамның иммунитеті ауруға қанша уақыт төтеп беретіні де беймәлім, – деп жазады «Қазақпарат».
Кеше Қазақстанда жаппай вакцинациялау басталды. Президент вакцинацияға кеткен шығынды мемлекет төлейтінін айтты.