Зейнетақы жинағын пайдалану: салымшыларға неліктен қаржы берілмей жатыр?
Зейнетақы жинағын пайдалану: салымшыларға неліктен қаржы берілмей жатыр?
251
оқылды

Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтты.

Ол кейбір азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігі не себепті берілмей жатқанын түсіндірді.

«БЖЗҚ-ға 25-30 қаңтар аралығында 52 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде жалпы жинақтық сомасы 212 млрд теңгелік 38 389 өтінім (74%) одан әрі қарау үшін қабылданды. Төленуге тиіс сома – 5,5 миллион теңге. 28 қаңтардан бастап БЖЗҚ «Қазақстан халық банкінің» уәкілетті операторларынан өтініштер қабылдай бастады. БЖЗҚ-да өтінімдер қабылдау басталғаннан бері жалпы сомасы 212,6 млрд теңгеге 38507 өтінім алдын ала мақұлданған. Ал өтінімді қабылдаудан бас тартудың басты себебі, кейбір салымшылар қолжетімді мөлшерден асатын соманы көрсеткен. Мәселен,13% қолжетімді сома мөлшерінен асып кеткен. Мүлде жинағы жоқ азаматтардан да өтініштер түсті. Дұрыс жазылмаған, қайталанғандар да бар», – деді Жанат Құрманов.

Бұған дейін зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалануға берілетінін жазған болатынбыз.