3 ақпанда доллар бағамы тағы төмендейді
3 ақпанда доллар бағамы тағы төмендейді
182
оқылды

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы тағы да төмендеді. Ұлттық банк 3 ақпандағы АҚШ валютасының бағамын атады.  Сәрсенбіде теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 423,74 теңге болады. 2 ақпандағы доллардың бағамы – 424,16 теңге.

KASE күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 423,74 теңгені құрады. Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы – 424,90 теңге, ал сатып алу – 423,36 теңге. Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау орындары америкалық валютаны орта есеппен 424,17 теңгеден сатады, 423,02 теңгеден сатып алады.