Polisia.kz-тің мәліметінше, Түркістан облысының Түлкібас ауданында полицейлер туысының атынан несие алған тұрғынды ұстады.
Полицияның мәліметінше, ер адам полицияға арызданып, өзінің атынан онлайн несие алып, 60 мың теңге шығын келтірген адамды анықтап, жауапқа тартуды сұраған. Түлкібас ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізген.
Нәтижесінде, полицейлер күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстаған. Ол зардап шегушінің туыс інісі болып шыққан. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өткен жылы туыс ағасына хабарласып, танысы ақша салатынын айтқан. Сол үшін ағасынан банк карточкасының коды мен жеке куәлігінің мәліметін суретке түсіріп жіберуді сұраған. Туысына сенген зардап шегуші ол сұратқан ақпаратты берген. Осы арқылы күдікті онлайн несие алуға өтініш берген.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтамақ.