Еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5,156
оқылды
«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста ескерту жариялады. 3 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 3-4 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 3 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. 4 ақпанда желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында 3 ақпанда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. 3-4 ақпанда тұман түседі. 3-5 ақпан аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтималы. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан түнде күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Жамбыл облысы мен Тараз қаласында тұман түседі. 3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Ақтөбе қаласында көктайғақ болуы мүмкін.