Полиция қызметкерлері елордаға есірткі заттарын жеткізу арналарын жою бойынша арнайы операция өткізді
Полиция қызметкерлері елордаға есірткі заттарын жеткізу арналарын жою бойынша арнайы операция өткізді
196
оқылды
Ағымдағы жылғы 29 қаңтарда арнайы операция өткізілді, нәтижесінде елордаға есірткі заттарын жеткізу арнасы жойылды. Есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесуге бағытталған нақты жоспарланған іс-шараны өткізу кезінде Жамбыл облысында туып-өскен 37 жастағы ер адам ұсталды. Тінту жүргізу барысында одан АКСУ автоматы екі оқжатарымен және елу шақты патрон тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Ұсталған ер адамның тұрғын үй-жайын, сондай-ақ автокөлігін тінту барысында үш полиэтиленді пакет және марихуана салынған бес орама тәркіленді. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 3 кг немесе марихуананың 300-ден астам бір реттік мөлшерін құрайды. Ұсталған ер адамның іс-әрекетінде ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша «аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын заңсыз сақтау үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» және ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша «атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Ұсталған ер адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. https://www.youtube.com/watch?v=Hf0uQwMyp58