Алматылық жігіт тас жолда әйелді баласымен бірге қағып кетті
Алматылық жігіт тас жолда әйелді баласымен бірге қағып кетті
182
оқылды
Алматы облысындағы тас жолда 23 жастағы жігіт 8 жасар баласымен анасын қағып кетті. Ведомстводан хабарлауынша, 1 ақпан күні кешке Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне "Алматы – Бішкек" тас жолында көлік  жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Toyota Camry автокөлігімен, жаяу жүргіншілер өткелінде 52 жастағы ана мен 8 жасар баланы соғып кеткенін анықтады. Екуі де алған жарақаттардан көз жұмды.