Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тобы арнайы операция барысында Алматы облысы Білім басқармасының басшысын және бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады.
Олар – басқарманың басшысы Майгүл Омарова, басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Қабдолданова және «Аймақтық білім саласындағы жаңа технологиялар» ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлібаев. Қамауға алынған үш күдіктіге аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Алдын ала дерек бойынша, олар облыстық бюджет қаржысына компьютерлік техника сатып алу кезінде жеке кәсіпкерден 37 650 000 теңге сыйақы талап етіп, оның бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде алып жатқан жерінде ұсталған.Н.ҚОСАЙ