900 медицина қызметкері вакцина салдырды
900 медицина қызметкері вакцина салдырды
160
оқылды

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқар­масының мәліметінше, шаһарда 900 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы екпе ектірді.

Ақпаратқа мән берсек, 1 ақпан күні алғашқы лекпен 360 медицина қызметкері вакцина салдырған. 2 ақпан күні екпе ектіргендердің саны – 540. Ведомство өкілдері әлі де вакцина салдыратындар саны артатынына сенімді. Алайда екпеден бас тартқандар да бар. Мәселен, 1 ақпанда вакцинациядан 32 медицина қызметкері бас тартқан. «Оларда ЖРВИ, жөтел және де басқа да созылмалы аурулары болды. Бұл қызметкерлер денсаулығы жақсарғаннан кейін екпені салдыра алады. Әзірге 2-4 аптаға кейінге қалдырылды. Вакцина­циядан өткендерде жағымсыз әсер байқалған жоқ», – деді Денсаулық сақтау басқармасы.

Айбике ЖАНАСЫЛ