«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалына Темірлан ауылының тұрғыны, көпбалалы ана, ІІІ топ мүгедегі қаржылай көмек сұрап, қоғамдық қабылдау бөлмесіне қоңырау шалды.
«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердімұрат Әлиасқар өтініш иесінің мәселесімен танысып, аудандық мәслихат депутаты Әділет Әбухайыровқа хабарласып, аталған мәселені бақылауға алуын тапсырды. Нәтижесінде аудандық мәслихат депутаты Ә.Әбухайыров өтініш иесінің үйіне барып, Темірлан ауылының тұрғынын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Өз кезегінде көпбалалы ана қолдау білдіріп, көмек қолын созған партиялықтарға,«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалына алғысын білдірді.Әбілмансұр ЖАСАН