Алматыда көлік жөндейтін орталық өртеніп, 20 машина жанып кетті
Алматыда көлік жөндейтін орталық өртеніп, 20 машина жанып кетті
115
оқылды

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 ақпан күні кешкі сағат 21:52 шамасында Бостандық ауданы Сәтпаев көшесі, 139 мекенжайында орналасқан көлік жөндейтін орталық өртенді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен. Орталықта тұрған 20 автокөлік жанып кеткен. Одан бөлек 4 көлікке зақым келген. 15 машинаны өрт шарпыған аумақтан құтқарушылар алып шыққан. Жалпы 600 шаршы метр аумақ отқа оранған. Ғимараттың жалпы аумағы – 1300 шаршы метр. Өртті көлік жөндейтін орынның жанындағы жанармай құю бекетіне жеткізбей, толықтай сағат 23:47-де сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Алматыдағы көлік жөндейтін орталықта 12 көліктің жанып кеткенін хабарлаған болатынбыз.