Майдангерлер кітабы
Майдангерлер кітабы
333
оқылды

1944 жылы 27 қаңтарда Ленинградтан 827 күнге созыл­ған қоршау алынып тасталып, соның құрметіне мерекелік отшашу болды.

Ленинградты қорғау үлкен әс­кери-стратегиялық, саяси және моральдық маңызға ие еді. Қа­ланы қиын жағдайда жаудан аман алып қалған Ленинград қорғаушыларының ерлігі бүкіл армия мен мемлекетті шабыт­тандырды. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі басқармасының құр­мет­ті мүшесі, Лев Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің профессоры, «Мемо­риалдық аймақ» іздестіру жаса­ғының командирі Майдан Құ­сайы­нов 30 жылдан астам Ленин­­град облысының аумағын­дағы Синявинский батпақтары мен жоталарында іздеу жұмыс­тарын басқарып келеді. «Іздестіру жасағы 1977 жыл­дан бері Ленинградты қорғау кезінде қаза тапқан Қызыл Ар­мияның мыңдаған жауын­герлерінің сүйектерін қазды. Алынған материалдар негізінде М.Құсайынов бірқатар мақа­лалар, кітаптар мен оқулықтар жазды», – дейді Atamnyn Amanaty ҚБ басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев. Майдан Құсайыновтың «Ұлы Отан соғысы жылдарын­дағы Қазақстан майдангерлерінің тарихы» кітабының әр бөлімінде автор Екінші дүниежүзілік соғыстың басты шайқас­тарын­дағы қазақстандық әскери құ­рама­лардың рөлін ерекше атап өткен.

Едіге ЖӘНІБЕК