Бұл туралы ERG баспасөз қызметі хабарлады. Алиджан Ибрагимов – ERG компанияларының ірі акционері.
Алиджан Ибрагимов 1953 жылы маусым айында Өзбекстанда туған. Қазақстан азаматы, 6 баласы бар.
Алиджан Ибрагимов 1974 жылы Мәскеу ветеринарлық академиясын «Өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен саудасын ұйымдастыру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экономисі және басшысы болып жұмыс істеді. «Невада-Семей» АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президенті болды. 1995-2000 жылдар аралығында Еуразиялық банк директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2001-2007 жылдары Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды. 2002-2007 жылдар аралығында «Қазхром ТҰК» АҚ-ты басқарды. «Қазақстан алюминийі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет», III дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған.
ҚазТАГ-тың хабарлауынша, олигарх Бельгияда коронавирустан қайтыс болған. Ол былтыр маусым айында ол COVID-19-бен күреске үлес қосқаны үшін марапатталды.
Коронавируспен күреске Алиджан Ибрагимов 100 миллион теңге бөлген болатын.