Анасының мұрасына келген жігіт жындыханадан бірақ шықты
Анасының мұрасына келген жігіт жындыханадан бірақ шықты
221
оқылды

Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген Ресейдің Тула облысының тұрғыны психиатриялық ауруханадан табылды. Бұл жайында  Politic хабарлады.

Павлодар облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 28 қаңтарда қалалық полицияға қонақүйлердің бірінің әкімшісі хабарласқан. Оның сөзінше, олардың қонағы екі күн бұрын бөлмеден шығып, жоғалып кеткен. Ер адам телефон қоңырауларына да жауап бермеген.

Тексере келе, тәртіп сақшылары оның Ресейдің Тула облысының тұрғыны екенін анықтады. Ол өткен жылдың желтоқсан айында өмірден қайтқан  анасының пәтерін сату үшін Павлодарға келіпті. Жылжымайтын мүлікті сатқаннан кейін ол ақшаны банкке салған. Содан із-түссіз жоғалып кеткен.

Ал полиция қызметкерлері ер адамды облыстық психикалық денсаулық орталығынан тапқан. Ол онда ем қабылдап жатқан екен. Алайда ресейліктің емдеу орталығына қалай тап болғаны жайлы әлі хабарланған жоқ.