Қазақстанда баспана алу кезегінде 540 адам тұр
Қазақстанда баспана алу кезегінде 540 адам тұр
154
оқылды

Әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары болғанымен, бұл тізімнің қысқаратын түрі жоқ. Бұл жайында Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева палата отырысында мәлімдеді.

Сол себепті тұрғын үй бағдарламаларының шарттарына өзгеріс енгізуді ұсынды. Депутат әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халыққа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына кірісін растамай-ақ қатысуға рұқсат беруді сұрады. «Сондай-ақ қазақстандықтарға «Шанырақ» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер ғана емес, қолданыстағы үйді сатып алу мүмкіндігін беру керек», –  деді Снежанна Имашева.

– Халықтың аса осал топтарына тұрғын үй қарыздарын беру үшін 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасы іске қосылды, оның операторы «Отбасы Банк» АҚ болып табылады. Алайда бағдарламаның шарттары көпбалалы, жалғызбасты ата-аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар сияқты санаттарға қолжетімсіз. Келіп түскен 37 мың өтінімнің небәрі 1500-і мақұлданған, – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.