«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.
4 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының кей аумағы мен Қостанай қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.
Өскемен қаласында 4 ақпанда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Семей қаласында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында тұман түседі.
4-5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлері мен Қызылорда қаласында тұман түсуі ықтимал.
4-5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
4 ақпанда Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында тұман, көктайғақ болады.