Жоғарғы сот көлік құрастыратын зауытқа қатысты осындай шешім шығарды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 173 979 726 000 теңге шығынды республикалық бюджетке қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді.
Сот министрліктің арызы негізінде зауытты қаржыны мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Бұдан бөлек, «Азия Авто» жергілікті бюджетке 5 млрд-тан астам қаражатты өтеуі тиіс.
Былтыр министрлік «Азия Автоға» сәуір айына дейін берілген жеңілдіктерді, – деп жазады 24.kz. Яғни салық пен қайта өңдеуге арналған жинақтардан босатуды алып тастады.
Бұған өндірістің көлік құрастыруға кірісе алмағаны себеп болған. Зауыт жұмысын былтыр қарашада тоқтатты.