Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жобаны дайындап әкелген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке бағдарламаның түсініксіз екенін айтты.
Нұрлан Нығматулин: «Тағы да сұрақты қайталайын. «Кәсіби біліктілікті арттыру» деген түсінікті. Не үшін даярлау, қайта даярлау деп жаздыңыздар? Сіз диплом бермекшісіз бе? Не үшін? Жастардың жақсы көретін әдеті – бір жылда бес диплом алып жүре береді. Оны осы заң жобасына да жазып қойыпты. Жай көшіре салған ғой. Енді өздері де не істегенін түсінбей отыр», – деді.
Ол «кәсіби біліктілікті арттыруды» дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Нығматулин соңғы кездері шипажайда депутаттарды жинап алатындар да бар екенін айтты.
Сондықтан қазынадан бөлінетін 647 миллион теңге депутаттардың 40 сағаттық оқуына оңды-солды шашылмай жұмсалуы керек деп тапсырды.