Жол апатынан жедел жәрдемнің екі дәрігері қайтыс болды
Жол апатынан жедел жәрдемнің екі дәрігері қайтыс болды
115
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 ақпан күні сағат 19:25 шамасында «Өскемен-Семей» тасжолында болды.

SCHMITZ тіркемесі бар «ДАФ» жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі «Өскемен-Семей» тасжолының Өскеменнен Семей қаласына қарай 140/58 шақырым жерінде ауа райының қолайсыздығынан рульге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан «ГАЗ-A31R23» маркалы жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жедел медициналық көмектің 49 және 42 жастағы екі қызметкері ауыр жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. Жарақат алған 44 жастағы жүргізуші Семей қаласының ауруханасына жеткізілді. Тергеу басталды.