Түркістандық азамат көлікті жалға алып, оны сатып жіберген
Түркістандық азамат көлікті жалға алып, оны сатып жіберген
5,152
оқылды

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, 1988 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны бұрын алаяқтық жасағаны үшін төрт рет сотталған.  Бұл жолы да ол автокөлікті жалға беретін бірнеше компанияны алдады.

– Соңғы жағдай бес күн бұрын болған. 29 қаңтарда алаяқ жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің ғимаратындағы «Тойота Камри» маркалы, 70-модельді көлікті иемденген. Кейінірек оны сатып жіберген. Осылайша, ол зардап шеккен тарапқа 14 миллион теңге көлемінде зиян келтірген.

 Қолына көлік түскен бойда, алаяқ оның GPS жүйесін өшіріп тастайды. Содан кейін әлеуетті сатып алушыны іздейді. Алаяқтың машықтанғаны соншалық, ол сатып алушыны нарықтық бағадан бірнеше есе төмен бағамен қызықтырады, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Оның айтуынша, осылай  алданған кәсіпкердің бірі полицияға шағым түсірді. Күдікті Алматыда ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Полиция оның қылмыстық ісінің сериялық сипатта болу ықтималдығын жоққа шығармай, зардап шеккен азаматтарды 254-47-00; 54-47-01; 254-47-02 және 8-701-666-41-64 телефондары бойынша полицияға хабарласуға шақырды.