Наразылық білдірушілер АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігіне шабуыл жасады
Наразылық білдірушілер АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігіне шабуыл жасады
135
оқылды

Дипломатиялық қызметкерлер эвакуацияланды.

АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігінің алдына бірнеше мың адам жиналып, шиит жасақтарына қарсы АҚШ әуе шабуылдарына наразылық білдірді. Олардың кейбіреулері дипломатиялық миссияның қақпаларын сындырып, ішке кірді, –деп хабарлайды bbc.com.

Демонстранттар елшілікке келіп: «Америкаға өлім» деп айғайлап, АҚШ-тыңтуларын жаққан. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, елші мен басқа да дипломатиялық қызметкерлер эвакуацияланған.

Оқиға орнындағы тілшілердің айтуынша, наразылық білдірушілер елшіліктің қоршауын өртеген. Ирак полициясы наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газды қолдануда.

елшилик2.jpg
© Reuters

Айта кетейік, өткен жексенбіде американдық ұшақтар кем дегенде 25 адамның өмірін қиған «Катаиб Хезболла» шиіттер тобының базасына шабуыл жасады. АҚШ билігі мұны америкалық мердігердің өліміне әкеп соққан Киркук маңындағы Ирак базасына зымыран шабуылына қарсы шара деп атады.

Ирак премьер-министрі Адил Абдул-Махди америкалық әуе соққылары елдің егемендігін бұзды және Бағдадты Вашингтонмен қарым-қатынасты қайта қарауға итермелеуі мүмкін деп мәлімдеді.

«Катаиб Хезболла» басшысы АҚШ-тың әрекеттеріне қатаң жауап қайтаруға уәде берді.