Шымкентте тағы да карантин ұзартылды
Шымкентте тағы да карантин ұзартылды
175
оқылды

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

"Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00:00-ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар).

Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кемінде 50% кеңсе қызметкерлерін (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмысқа ауыстыру міндеттелді.

Негізі, бұған дейін Қостанай облысында жексенбі күндері базарлар мен СОО жұмысына тыйым салынғаны хабарланды.