«Бұл зауытқа көз тиген» – Ринат Сұлтангереев
«Бұл зауытқа көз тиген» – Ринат Сұлтангереев
361
оқылды

Осыдан 6 жыл бұрын Қызылорда облысында іргетасы қаланған шыны зауытының жыры әлі бітер емес. Бұл өндіріс орны 2 жылдың ішінде салынып бітуі тиіс болғанымен құрылыс жұмыстары тым ұзаққа созылып кетті.

Елімізде теңдесі жоқ ірі өндіріс орны бастапқыда ЭКСПО-ны отандық әйнектермен қамтамасыз ететін болған. Бірақ, сенім арқан зауыт үмітті ақтамады. Қазір зауыт құрылысы қай деңгейде жүріп жатыр және біз отандық әйнектерді қашан қолдана бастаймыз? Көпті мазалаған осы сауалдардың жауабын берген Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев «Бұл зауытқа көз тиген» деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. [caption id="attachment_108620" align="alignleft" width="781"]Қызылорда ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

– Өзім басқарманы басқарып отырғаннан кейін шыны зауытына «көз тиген» деп ойлаймын. Қазір құрылыстың 70 пайызы аяқталған. Қажетті құрал-жабдықтар орнатылды. Тек балқыту ваннасы мен күйдіру пешін салу жұмыстары қалды. Ол жұмысты жүргізуге алдағы Наурыз айында Қытайдан 147 маман келеді. Айтылған жұмыстар толық аяқталғасын зауыт екінші жартыжылдықта іске қосылады деген үміттеміз. Сонымен қатар, өндріс нысаны жанынан ілеспе 8 зауыт ашу да жоспарда бар, – деді Р.Сұлтангереев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше осы уақытқа дейін зауыттың тұралап қалуына пандемия тұсау болыпты. Құрылыстың басталғанына 6 жыл өткенің ескерсек, коронавирусқа дейін мұны іске қосуға не кедергі болды деген сауал тағы мазалайды. Мұның да жауабын берген ол: «2020 жылға дейін қандай жағдай болғаның бәріңіз білетін шығарсыздар?! Ондай жағдайда құрылыс жұмыстары тоқтайды» деп сөздің төркінің астарлап жеткізді. Шыны зауыты төңірегінде көптеген әңгімелер айтылуда. Дей тұрғанмен өндіріс орны көп кешікпей іске қосылады екен. Күтейік...  

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,

Қызылорда облысы