Петропавлда шенеунік мас күйінде көлік жүргізгені үшін қызметінен айырылды
Петропавлда шенеунік мас күйінде көлік жүргізгені үшін қызметінен айырылды
5,221
оқылды

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің Facebook-тегі ресми парақшасында жария етті.

2 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысында өткен әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына қатысты іс қаралды. Агенттіктің мәліметінше, шенеунік әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңын бұзған.

Негізі, құжатқа сәйкес мемлекеттік қызметкер әкімшілік құқықбұзушылық жасамауға және қызметтік этиканы сақтауға міндетті. Бірақ ол өткен жылы 17 желтоқсанда мас күйінде көлік жүргізгені туралы тәртіптік іс материалдарынан шықты. Сот шешімімен шенеунік 7 жылға көлік құқығынан айырылды. Сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысын қызметінен босату ұсынылды.