Түркістан облысының тұрғыны 500 адамға арналған көкпар ұйымдастырған
Түркістан облысының тұрғыны 500 адамға арналған көкпар ұйымдастырған
216
оқылды

Рейд кезінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның көкпар өткізіп жатқанын анықтады.

«Тәртіп сақшылары ұлттық ойынды тоқтатып, көкпаршылар мен көруге келгендерге карантин режимін бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарды үйіне қайтарды.

Көкпар ұйымдастырушыларына қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабы («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу») бойынша жиналған материалдар СЭҚ-ға жіберілді. Тексеру нәтижесінде тиісті заңды шешім шығарылады», – деп хабарлады полициядан.