БҚО-да облыс прокурорының көмекшісі жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл жайында «Уральская неделя» басылымында жарияланды.
Шикілікті ХҚКО қызметкерлері анықтаған екен. Олар Орал әкімдігінің мұрағатымен тексеріс жүргізген. Атап айтқанда, София Тлеубаева есімді жеке тұлғаның ұсынған құжаттар пакеті күдік туғызған. Төрт өтінімде де басқа құжаттармен қатар қала әкімдігінің қаулысы тіркелген. Онда осы жер учаскелерін жекеменшікке беруге рұқсат берілгені жазылған. Құжаттарда жер учаскелері бір шаршы метр үшін 44 теңге мөлшерлеме бойынша бағаланған. Алайда Үкімет бекіткен есептеу әдістемесі мөлшерінен едәуір жоғары болған. Сөйтіп, құжаттарды салыстыру барысында қала әкімдігі қаулысының барлық ұсынылған көшірмелері жалған екені анықталды. Түпнұсқа құжаттарда қала әкімдігі өтініш берушіге жер учаскелерін жекеменшікке беруден бас тартқан.
Бұл мәселе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне, БҚО прокурорына және БҚО Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарланды. Қазір ХҚКО басшылығының осы өтініші бойынша қылмыстық тергеу басталды. Тергеуді облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы жүргізеді. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің ақпараты бойынша, редакцияға осы тергеу аясында қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері және облыс прокурорының көмекшісі Азамат Тілеубаев жауап алынғаны белгілі болды.
Прокуратура қылмыстық тергеу фактісін ресми түрде растады. «Қылмыстық істі арнайы прокурорлар қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша ашты. Азаматтық тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Прокуратура қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекетке қатыстылығын тексереді. Қылмыс расталған жағдайда барлық кінәлілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.