Елордалық полиция қызметкерлері ұрлық жасауда күдік келтірген бұрын сотты болған Нұр-Сұлтан қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстаған.
Ер адам дәмханада болған кезде киім ілгіште ілініп тұрған күртешенің қалтасынан ақшасы мен банк карталары бар әмиянды алып шыққан. Ұсталған адам кінәсін мойындап, түсінік берді. Ұрланған әмиян және карталар алынды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Оның бұрын елорда аумағында жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан сақ болуды, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды.