Мерейтойларды атап өту жайын таныстырды
Мерейтойларды атап өту жайын таныстырды
331
оқылды

Мемлекет басшысы Мәде­ниет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қа­был­дады.

Президентке мәдениет, спорт, туризм, архив, кинематография салаларында атқарылған жұмыс­тар туралы есеп берілді. Сонымен қатар биыл өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы­ның 150 жылдығын және өзге де атаулы мерейтойлық даталарды атап өтуге байланысты атқарыла­тын жұмыстардың жайы баян­далды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шәкен Айманов атындағы «Қа­зақфильм» студиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік ор­та­лы­ғының жұмысы, «Кине­ма­то­графия туралы» заңға ен­гі­зі­летін толықтырулар жөнінде ай­­тылды. Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына Токио Олим­пиадасына дайындық жұ­мысы, балалар мен жасөспірім­дерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына жан басына шаққандағы қар­жыландыру жүйесін енгізу бо­йынша мәлімет берді. Ақтоты Райымқұлова пан­демия кезінде ішкі туризмге сұраныс арта түскенін жеткізді. Саланы ынталандырудың тиімді тетіктерінің бірі – балалардың демалыс орындарына ұшақпен баруын субсидиялау екенін, осы­ған қатысты тиісті түзету «Туризм қызметі туралы» заң жобасына ен­гізіліп, республикалық бюд­жеттік комиссия тарапынан қол­дау тапқанын атап өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоты Райымқұловаға идеологиялық, тәрбиелік маңызы зор жұмыс­тарды, «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын, цифрландыру бойынша қолға алынған бастамаларды сапалы жалғастыру, министрліктің онлайн жобаларын жандандыру жөнінде тапсырма берді.