«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға жетекшілік еткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко кеңестің жаңартылған құрамын таныстырды. Оған VII шақырылымның облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау, білім беру, ШОБ, «Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ партия ардагерлері мен белсенділері кірді. Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Мұрат Хамитов ҚЖОК төрағасы болып қайта сайланды, оның орынбасары болып «СОВИ–KZ» ЖШС директоры Виктор Пряхин тағайындалды. Кеңес мүшелері 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Олар – Денсаулық сақтау басқармасында, оның ведомствоға қарасты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша шаралар, 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі, ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша көшпелі профилактикалық іс-шараларды жиі өткізу туралы шешім қабылданды. Осы және басқа да міндеттер отырыс барысында бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің нақты жоспарында көрініс тапты.Әбілмансұр ЖАСАН