Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарды барынша қолдау жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Себебі әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға көмек көрсету «Nur Otan» партиясының негізгі мақсатының бірі саналады.
Осы орайда, кезекті әлеуметтік қолдау – отбасылық жағдайы төмен, жалғызбасты ана Людмила Кистановаға көмек көрсетілді. Қиын жағдайға тап болған қала тұрғыны осыған дейін азық-түлік себетімен жәрдем беру бойынша партияның Шымкент қалалық филиалының көмегіне жүгінген болатын. Мәселені «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғарбек Усупахметов партия назарына алып, демеуші тауып, өтініш білдіруші Кистанованың үйіне керек-жарақты жеткізді. Өз кезегінде Людмила Кистанова «Nur Otan» партиясына алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Оң шешімін тапқан мәселелер қатарында Арзыкүл Нұржанованың өтініші де бар. Ол 15 қаңтар күні Еңбекші ауданы тұрғындарының атынан «3-Көксай» көшесінің, аз қамтылған отбасылары көпбалалы аналарымен әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша партияның қалалық филиалына өтініш білдірген. Өтініш білдірушілердің мәселесін қарау үшін партия филиалы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Ильясов арнайы қабылдау ұйымдастырады. Нәтижесінде, Ғалымжан Молдабайұлы және демеушілер тарапынан Еңбекші ауданының аз қамтылған отбасылары және көпбалалы аналарына азық-түлік және басқа да тұрмыстық қолданыс заттарымен қолдау көрсетуге шешім қабылданды. Осылайша, 210 мың теңгеге көмек көрсетілді.Әбілмансұр ЖАСАН