5 ақпанға арналған ауа райы болжамы
5 ақпанға арналған ауа райы болжамы
5,222
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, циклонның әсерінен қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшеюі ықтимал.

Оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болады.

Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болуы ықтимал.