Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
86
оқылды

8 қараша күні кешке Жамбыл облысының аумағында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 20:38-де болған. Жерасты дүмпуінің ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің нақты магнитудасы 3,73, ал энергетикалық класы 8,55 болған.

Эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 44,51 және шығыс бойлықтың 74,44 градусы.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.