Білімге пара тұсау
Білімге пара тұсау
227
оқылды

Алматы облысы Білім бас­қармасының басшысы Май­гүл Омарова пара алды деген кү­дік­пен ұсталды. Алайда жауап­ты органдар бұл жайын­да ресми ақпарат таратқан жоқ. Істің тергеліп жатқаны анық, дегенмен білім сала­сын­да осыған ұқсас жайт көп. PISA рейтингін, басқасын рет­тейміз деп бәйек бо­ла­мыз. Бі­рақ сайып келгенде білім саласы жемқор­лықтан көз ашпай ке­леміз. Неге?

Үшеуге «бұйырған» – 37 млн теңге

Мәлімет бойынша, бұл іске Майгүл Омаровамен бірге Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Арапби Меңлібаев пен күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Бақыт Абдолданованың қатысы бар. Олар пандемия кезінде мектеп оқу­шыларына қашықтан оқытуға қа­жет 2 522 ноутбуктан пайда көр­мек болған. Мемлекеттік сатып алу есебінен  жалпы сомасы 406 млн теңгеге бірнеше жеке кәсіпкермен келісім жасаған. Тергеу барысында Омарова, Меңлібаев және Абдол­дановадан 37 млн 650 мың теңге тәркіленген. Мұндай соманы бас­қарма бас­шылары тендер ұтқан ком­пания­лардан пара ретінде алған. Нә­тижесінде, күдіктілерге қа­тысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Алматы облыстық про­кура­турасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңғылықты тергеу жүр­гізуді қолға алған. Құзырлы ор­гандар мұндай істің шешімін тап­қысы келеді. Себебі жемқорлық білім саласының аяғына тұсау болып отыр. Түптеп келгенде ЖОО-ны аяқтаған түлектердің «Дип­ломмен – ауылға» барғысы кел­мейтінін осындай оқиғадан іздеңіз. Жастар сондықтан қалада қалып, «Бәке» мен «Мәкесіз» биікке ұмтылғысы келеді-ақ. Олардың ойынша, жемқорлықтың дені ірілі-ұсақты ауыл мен аудан орталық­тарында болады. Бұған облыстағы жағдайды қосыңыз. Мәселен, кейінгі 3 жылда тір­келген Білім басқарма­ларын­дағы жемқорлық істерін тізіп көрелік.

Жемқорлықтың түрі көп, басқармадағысы бір бөлек

2019 жылы 3 қаңтарда БАҚ-та  Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы мен орынбасары 10 млн теңге көле­мінде пара алғаны туралы ақпарат тара­ды. Тағы сол мемлекеттік са­тып алу оқиғасы. Одан кейін олар­дың об­лыс әкімдігінің бұрынғы орын­басары Нұрсәуле Сайлауова­мен бірге әрекет еткені анықтал­ған. Нақтырақ айтсақ, 2016-2019 жыл­дарға арналған білім мен ғылым­­ды дамыту мемлекеттік бағ­дар­лама­сына бөлінген қаражатты жымқыр­ған. Экс-орынбасардың бұдан бас­қа жемқорлық ісіне қатысы бар.  Аталған істі сот бір жылға жуық уақыт тергеп-тек­серді. Ақыры лауа­зымдық өкілетін асыра пайдалану, кәсіпкерлерден пара алу, мемлекет қаржысын жымқыру, көр­сетіл­меген қызметті қабылдап алу се­кілді 16 қыл­мыстық дерек бо­йынша 8 адам­ға айып тағылды. Атырау об­лысы әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова мен Білім беру басқармасының басшысы Қайыр­ғали Кенжеғалиев 2 жылға, орын­басары Роза Қаб­долова 4 жылға әдістемелік орталық­тың директоры Ғабит Қабекенов пен «Дарын» мектебі­нің бас есепшісі Назымгүл Мәжи­това 3 жыл мерзімге сот­тал­ды. Оған қоса, өмір бойы мемле­кеттік меке­мелер­де қызмет ету құқынан айырылды.

Қандай жемқорлық ісін қарасаңыз да, зардап шегетін – мұғалім мен оқушы. Ортада білім саласы мен сапасы сын көтер­мей­тіні тағы бар. Тізбелеп шыққан оқи­ғаның екеуі карантин уа­қыты­­мен тұспа-тұс келгені ойландырады. Оқу­шы мек­тепке жете алмай, он­лайн сабақ педа­гогті сарсаңға сал­ғанда облыстағылар құлқынның қамын ойлаған сияқты.

Көп өтпей, 2019 жылы 19 ақ­пан­­да Шымкент қалалық Білім бас­қармасы басшысының орын­басары пара алғаны үшін ұсталды. Мұны қысқартып «Асхана ісі» деп атасақ болады. Өйткені шенеунік қалалық мектепте асхананы жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін жеке кәсіпкерден шамамен 1,5 млн теңге пара алды деп айып­талды. Қызығы, Ғабит Нысанов күдікке ілінген кезде еңбек де­малысында болған. Іші сезді ме әлде кездейсоқ жағдай ма, ол жұмыстан шығуға арыз жаз­ған деседі. Тексеріс кезінде күдікті бар кінәні мойындап, прокурор­лармен процессуалды келісімге келген. Осылайша, оған мемле­кет­ке 45 млн теңге айыппұл төлей­тіні туралы шешім шықты. Кезекті жемқорлық оқиғасы Батыс Қазақстан облысына тие­сілі. 2019 жылы 1 қарашада Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шыңғырлау ау­дан­дық білім бөлімі басшысын 1,9 млн теңге пара алды деген кү­дік­пен ұс­тады. Шенеунік орын­далған жұмыс актісіне тексерусіз және кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден ақша талап еткен.  Пара алу ісі аудандағы  мектептерге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу­мен байланысты. Сөйтіп, А.Сапа­ров  2020 жылы 21 қаңтарда алаяқ­тық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға қамауға алынды. Жемқорлық ізімен жүріп Шым­­­к­ентке қайта оралдық. Өйт­кені биыл 19 қаңтарда мұғалім­дер­ден жүйелі түрде пара алып келген мектеп директорына қатысты үкім шықты. Ол карантин кезінде мұ­ғалім­дерді қыспаққа алып, ақша талап еткенімен қоймай, олардың үстемеақысын иемденбек болған. Бұл аз десеңіз, аз қамтылған от­басы­лардың балаларына ыстық тамаққа берілген ақшаны да қал­тасына сүңгіткен. Сот №34 мек­тептің экс-директорын Қыл­мыстық кодекстің үш бабы бо­йынша кінәлі деп таныған. Алай­да айыпталушы кінәсін мо­йын­дамады. Дегенмен Еңбекші ау­дандық соты оны келтірілген дә­лел­дерге сәйкес,  8 жылға бас бостандығынан айырды.

Қайтсек жолын жабамыз?

Байқағанымыздай, сот шешімі 1 жылға жуық мерзімде шығады. Демек, Омарова ісі де тыңғылықты тексеріліп, дәлелдер діттеген жерге жетсе, сценарий Атырау облыстық Білім басқармасындағы жағдайға ұқсауы мүмкін. Қандай жемқорлық ісін қарасаңыз да, зардап шегетін – мұғалім мен оқушы. Ортада білім саласы мен сапасы сын көтер­мей­тіні тағы бар. Тізбелеп шыққан оқи­ғаның екеуі карантин уақыты­мен тұспа-тұс келгені ойлан­дырады. Оқушы мек­тепке жете алмай, он­лайн сабақ педагогті сарсаңға сал­ғанда облыстағылар құлқынның қамын ойлаған  сияқ­ты. Естеріңізде ме, Білім және ғы­лым министрлігі Білім бас­қармасы билігін жер­гілікті әкім­діктен облысқа ауыс­тырғанда жемқорлық фактісі азая­тынын айтқан-ды. Кешегі оқиғаны оқы­саңыз, облыстың да оңдыр­майтынын байқайсыз. Осындайда білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлының айтқаны ойға оралады. «Білім бас­қармаларын жергілікті әкімдікке бағыныш­тылықтан шығарып, тікелей министрлікке  қарату ке­рек» деген еді ұстаз. Иә, мәселені бас­­қа қырынан қарап, жаңа шешім табуға тырыспасақ болмайтын сыңай­лы. Өйткені карантин кезін­де білім саласында сіз бен біз біл­мейтін қаншама оқиға тіркелді десеңізші. Оның үстіне мемле­кеттік сатып алу механизмі мен білім саласын цифрландыру ісі де кезек күттірмейтін мәселеге ай­налды.

АйзатАйзат АЙДАРҚЫЗЫ