«Таң Шолпанның» көрмесі
«Таң Шолпанның» көрмесі
144
оқылды

5 ақпан күні Ұлттық музей­де Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының «Таң Шол­пан» атты көрмесі өтеді. Сон­дай-ақ аталған көрме аясында дөңгелек үстел ұйымдас­тырылады.

Көрменің мақсаты – халық­аралық арт кеңістікте өнердің әр­түрлі жанрында жұмыс істейтін, өзі­нің жеке қайталанбас дүние­танымы, жаңашылдығы бар дарын­ды, бірегей, жасампаз әйелдердің шығармашылығын дамыту арқылы суретші әйелдің мәртебесін көтеру. «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қоры 1998 жылы құрылған.   Сол жылы  «Ұмай Тәңірі» галереясында көрме ұйым­дастырылды. Ұзақ уақытқа со­зыл­ған үзілістен кейін 2019 жылы «Таң Шолпан» қоры шығармашылық қызметін қайта жандандырды. «Таң Шолпан» ХТСӘҚ айналасына жоғары көркемдік білімі бар, кес­кіндеме, графика, сәндік-қол­данбалы өнер, мүсін сияқты өнер­дің сан сала­сында жұмыс істейтін Қазақстан, Өзбекстан, Түркімен­стан, Тәжік­стан, Қырғыз Респуб­лика­сы, Аус­трия, Германия, Ка­нада, АҚШ елдерінің кәсіби сурет­шілері бірік­ті. Олар – республика­лық және халықаралық көрмелер­дің жеңім­паздары, жоғары дәре­желі өнер майталмандары. Аталған көрмеге өзектілігі және ойлау жасампаздығымен ерекше­ленген суретші әйелдердің шығар­ма­шылық жұмыстары қойылады. Әр туынды өзінің көркемдік стилі және композициялық идеясымен көздің жауын алады. Көрмеде әлем кеңістігі, табиғат пен өмір құ­былыс­тары жайлы сыр шертетін, саналы және эмоционалды идея­ларды бейнелейтін көркем образ­дарға толы картиналар топтамасы ұсынылады. Экспозицияға кескіндемелік, графикалық жұмыстар, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туынды­лары (гобелендер, киізден жасалған панно, ши өрімі) қойылған көрмеде барлығы 50-ден астам кәсіби сурет­шінің жұмысы бар.

Айбике ЖАНАСЫЛ