Биыл 13 ақпаннан бастап көлікті тек қана жеке куәлікпен жүргізуге болады
Биыл 13 ақпаннан бастап көлікті тек қана жеке куәлікпен жүргізуге болады
195
оқылды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Жүргізуші куәлігін, көлікті тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Алайда интернет жоқ ауылдарда радиобайланыс арқылы тексеріледі.

«Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 2019 жылғы желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын электронды форматқа ауыстыру мәселесін  көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуді тапсырды», – деді министр.

Жаңа заң 13 ақпанынан бастап күшіне енеді.