Ауыл шаруашылығына арналған жабдықты сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Қостанайда бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қылмыстық топ мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.