Қазақ балуаны грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирдің чемпионы атанды
Қазақ балуаны грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирдің чемпионы атанды
154
оқылды

Жарыста Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы күрескен.

Ақмола облысының спортшысы грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирде үздік атанды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Тарасовты еске алуға арналған грек-рим күресінен 37-ші бүкілресейлік турнир Нижний Тагилде өтті.

Алтын алқа үшін Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы күресті.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дастан Зарлыханов жеңімпаз атанды, ал оның бауыры Дамир 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді.

Оларды Егор Мукштадт жаттықтырады.