Қазақстанда 2020 жылдан бастап қандай жолдар ақылы болады?
Қазақстанда 2020 жылдан бастап қандай жолдар ақылы болады?
184
оқылды

2020 жылдан бастап 2021 жылға дейін 6 мың шақырым ақылы автожол іске қосылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде 2020 жылдан бастап қандай жолдар ақылы болатынын, сондай-ақ биыл қандай учаскелер жөнделетінін хабарлады.

2024 жылға қарай республикалық желінің шамамен 11 мың шақырымын ақылы автожолдармен қамту жоспарлануда.

Ақылы жобаны екі кезеңде енгізу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 2020-2021 жылдар аралығында 6 мың шақырым ақылы автожол енгізіледі.

- Бұл "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Нұр-сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы", "Щучинск – Петропавл", "Нұр-сұлтан – Павлодар", "Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбы қаласына)", "Таскескен – Бақты", "Қапшағай – Талдықорған", "Атырау – Орал", "Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы" және "Ақтау – Бейнеу" халықаралық транзиттік дәлізінің учаскелері.

2022 жылдан бастап 2023 жылға дейін қалған 5 мың шақырым автожолды енгізудің екінші кезеңі қарастырылған.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ-де елімізде келесі жылдары қанша шақырым жол жөнделетінін де атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру аясында 2020-2026 жылдар аралығында 10 мың км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартумен қамту жоспарланған. Оның 1373 км-де 2020 жылы қозғалыс ашылады.

"Орталық-Оңтүстік" бағыты бойынша 311 шақырымға қозғалыс ашу жоспарлануда, "Петропавл-Қорған" тас жолында 37 шақырым пайдалануға беріледі, "Орталық – Шығыс" жобасы бойынша 13 шақырымға, "Қостанай – Денисовка" автожолында 65 шақырымға, "Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат" тас жолында 160 шақырымға көлік қозғалысы іске қосылады.

Сондай – ақ, 2020 жылы "Атырау – Астрахань" бағыты бойынша 60 шақырымды ашу жоспарлануда, "Осиновка асуы" жобасы бойынша 32 шақырымды, "Талдықорған-Өскемен" автожолында 384 шақырымды, "Ұзынағаш – отарға" 96 шақырымды құрайтын қозғалыс ашылады.

"Үшарал – Достық" трассасының 60 км және "Қалбатау – Майқапшағай" автожолының 155 км пайдалануға беру жоспарлануда", − деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.