Шымкентте коронавирус салдарынан бірден тоғыз мектепте карантин жарияланды.
Жұқпалы аурудың әрбір жағдайы бойынша қазір мамандар эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Мәселен, қаладағы №18 мектепте вирусты әуелі мұғалім жұқтырғаны белгілі болды. Содан кейін індет осы білім ұясындағы тағы төрт оқушыдан анықталған. Жыл басталғалы шаһардағы білім мекемелеріндегі оқушылар арасында COVID-19-дың жалпы 40 жағдайы тіркелген. Бұл мектепте оқушылардың көп болуымен байланыстырылады.
Бұған дейін үшінші тоқсаннан бастап мектеп оқушылары дәстүрлі оқу форматына оралған болатын. Ал карантинге жабылған мектептерді жоспардан тыс тексеру барысында көпшілігінде бетперде режимі сақталмағаны анықталған.
«Сынып бөлмелеріне кварц уақтылы қойылмаған. Тіпті, құрғақ және дымқыл тазалау жұмыстарының өзі дұрыс жүргізілмеген», – дейді санитар дәрігерлер.