Түркістан облысының полицейлері есірткі тасымалдаушылардан 10 келіге жуық марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлескен операция барысында ірі көлемде есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау және өткізу жайтының жолын кесті. Анықталғандай, күдіктілер есірткіні Жамбыл облысынан Кентау қаласына тасымалдамақ болған.
Полиция қызметкерлері автовокзалдардың бірінен екі күдікті адамды ұстады, олар бұрын сотты болған Жамбыл облысының және Кентау қаласының тұрғындары. Сөмкелерін тінту кезінде жедел уәкілдер құрамында өсімдік тектес есірткі бар пакетті тауып алып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткі тектес зат 10 кг-ға жуық «кептірілген марихуана» екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.