Тәртіп сақшылары түнгі көңіл көтеру мекемелері бойынша жасөспірімдерді іздестіруге қатысты кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бірнеше күн ішінде полицейлер көшеде және ойын-сауық орындарында болған 120 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтадыі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Екі жасөспірім мас болып, төрт жасөспірім- кафеде және 116-сы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған. Кәмелетке толмағандар арасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-курс студенттері болды. Олардың әрқайсысын ата-аналарына тапсырып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ал олардың бірнешеуіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына қатысты қырағылық танытуды және олардың бос уақытын дұрыс пайдалануына бақылау жасау қажеттігін ескертеді.