Еңбекақы алшақтығына жол бермеуді тапсырды
Еңбекақы алшақтығына жол бермеуді тапсырды
636
оқылды

Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке «Арселор­Миталл Теміртау» компа­ния­сының 2020 жылғы жұмысының нәтижелері мен 2021 жылға ар­нал­ған жоспар­лары туралы ақ­парат берілді. Кездесу барысында өндіріс­терді жаңғырту, экологиялық ахуал­ды жақсарту, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту мәселелері тал­қыланды. Мемлекет басшысы өндіріс қуатын жаңғыртуға және арт­ты­руға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту қажет екенін айтты. Кеме жасау, автокөлік өнер­кәсібі және электротех­ни­калық өндіріс салалары бойынша жаңа тауарлар шығару маңызды міндет болуы керек. Әңгімелесу барысында тарап­тар атмосфераға бөлінетін қалдық­тарды азайту, оның ішінде, агро­өнеркәсіпте, конверторларда, коксохимиялық өндіріс пен ЖЭО-2-де экологиялық жабдықтарды жаңғыртуға қатысты компанияның жоспарларына ерекше көңіл бөлді. Қасым-Жомарт Тоқаев өн­ді­ріс­тегі жарақат алу жағдайларын азайту, компанияның шетелдік және отандық жұмысшылары ара­сындағы еңбекақы көлемінің ал­шақтығына жол бермеу бойынша тапсырма берді. Бейнебайланыс форматында өткен кездесуге Премьер-Ми­нистр­дің орынбасары Роман Скляр, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Қарағанды облы­сы­ның әкімі Жеңіс Қасымбек қа­тысты.