Иманбек атақты әншілермен ән жазды
Иманбек атақты әншілермен ән жазды
126
оқылды

Иманбек Зейкенов Rita Ora және David Guetta сияқты атақты музыканттармен бірлесіп ән жазды. Бұл ән жақында жарыққа шығады.

Иманбек мұндай қуанышты жаңалықты Instagram парақшасында жариялады. «Bang мини альбомы. Rita Ora-мен бірлескен ән жақында шығады. Дайынсыздар ма?» деп жазды ол. Миллиондаған аудиториясы бар Rita Ora, диджей David Guetta және америкалық рэпер Gunna, трэп әнші Khea секілді әртістермен бірлесіп жазған трек 12 ақпанда жарияланады. Grammy сыйлығына үміткер Иманбектің жаңа белесіне жан­күйерлері шын жүректен қуанышты. Олар мұны үлкен жетістік деп бағалап, мақтан тұтатынын айтып, сәттілік тіледі. Бұдан бұрын Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазған ремиксі Grammy сыйлығына ұсынылған-ды. Айта кетерлігі,  музыка саласындағы құнды Grammy-ді табыстау рәсімі биыл 13 наурызда өтеді.

А. ЖОЛДАС