Данияр Елеусіновтің промоутері боксшының қашан рингке оралатынын айтты
Данияр Елеусіновтің промоутері боксшының қашан рингке оралатынын айтты
152
оқылды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) промоутері Эдди Хирн оның қашан рингке оралатынын айтты деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.
«Данияр осыған дейінгі жекпе-жегінде Индонгомен жақсы айқасып, жеңіске жетті. Ол үлкен жекпе-жектерге дайын. Бұл жігіт 147 фунтта шығып жүрген кез келген боксшы үшін үлкен мәселеге айналады. Қазірдің өзінде үлкен қадамдар жасап жатқанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Ол сәуірде рингке оралады», – деді Хирн.
Әзірге Елеусіновтың қарсыласы кім болатыны белгісіз.