Мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды
Мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды
309
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты. Автокөлік жүргізушісі рөлге мас күйінде отырған.   СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 4 ақпан күні шамамен сағат 20.50-де болған. Аудан орталығы Булаев қаласы маңындағы «Челябі-Новосібір» автожолында ВАЗ-21099 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-21099 автокөлігінің 1999 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлік жүргізушісі және 1989 жылғы екінші жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру ВАЗ-21099 көлігі жүргізушісінің мас күйде болғанын көрсетті. Аталған факті cотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша енгізіліп, қажетті сараптама тағайындалды. ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.