Ұлттық білім академиясы ұжымы БАҚ өкілдерімен кездесті
Ұлттық білім академиясы ұжымы БАҚ өкілдерімен кездесті
180
оқылды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздің білім беру жүйесіндегі ғылыми-методологиялық зерттеулерді, жаңаша әдістемелерді нақты тәжірибе жүзінде енгізуді қолға алып отырған ең ауқымды салалардың бірі.

Ұлттық білім академиясының Президенті Ғани Бектайұлы Бейсембаев БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуін өткізді. Білім ордасының басшысы өз сөзінде Академияның жанынан жас ғалымдарды тәжірибеден өтуге дайындау, ғылыми-әдістемелік журналдар шығару, ғылыми негізде методологиялық кабинеттерді ашу сынды Академияның қолға алған жаңа бастамалары туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ болашақта педагогикалық ЖОО-мен бірлесе отырып, отандық ғылым жүйесін дамыту мақсатында докторлық кеңесін құру жоспарлануда екен. Ғани Бектайұлы қазақ елінің ғылымын «брендке» айналдыруды басты мақсат етіп отырғанын айрықша атап өтті. Кездесу барысында белгілі қоғам қайраткерлері, танымал журналистер және бірқатар БАҚ өкілдері білім беру ісіндегі өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. БАҚ-пен ынтымақтастықты арттыру мен білім беру ісін дамытуға қатысты түрлі ойлар ортаға салынды. Қонақтар арасында, әсіресе, Норвегияның білім беру ісіне қатысты белгілі журналист Бибігүл Жексенбай ханым мен Германиядан қосылған Абдуррахман Сел мырза болашақта емен-жарқын, еркін форматтағы кездесудің тұрақты түрде өткізіліп тұратынына сенім білдірді. Б.Жексенбайдың сөзінше, Норвегияда 6 жастан бастап 9-сыныпқа дейін баға қойылмайды. Әрі бала кезінен тәрбиеге баса мән беріледі. Сөз арасында еліміздегі мектепке дейінгі білім беру саласында ер адамдардың аздығын да мәселе ретінде қозғай кетті. А. Сел мыраз Германиядағы Вальдорф мектептерінің де білім беру жүйесі Норвегиямен ұқсас келетінін жеткізді. Оқушылардың білімін бағалау жүйесіне қатысты 1 және 8 сынып аралығында ұпай, баға қойылмайды. Неге десеңіз, бағаға тәуелді болу олардың жүйкесіне кері әсері болуы мүмкін. Тіпті оқу үдерісінде кітапты пайдаланбайды екен. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Максим Рожин болса, журналистердің біліктілігін арттыру бағытында бірге жұмыс істеу жобасы қаралуда екендігін айтты. Көптеген журналистер академияның БАҚ-қа деген ашықтыққа ұмтылу қадамына қуана қолдау білдірді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасы, заң ғылымының докторы, профессор Есберген Алауханов Академияның ашық әрі кеңесе жұмыс істеу ұмтылысын құптады. Құқықтық журналистиканы дамыту мәселесін көтерді. Жиын соңында білім ордасының басшысы алдағы уақытта БАҚ өкілдерімен еркін форматта кездесуін жоспарлап отырғанын айтты.