Қарағанды облысында судья парамен ұсталды
Қарағанды облысында судья парамен ұсталды
5,193
оқылды
Қарағанды облысында пара алу кезінде Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы ұсталды.

"Кейбір БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және интернет-мессенджерлерде пайда болған мәліметтерге қатысты хабарлаймыз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, пара алған кезде Қарағанды облысының МАЭС судьясы ұсталды",– деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.